Иранда құс тұмауына байланысты 25 млн үй құсы өлтірілген. Аталмыш ел астанасы –Теһран қаласының құс өсірушілер одағының жетекшісі НәсірНебирур ирандық ILNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды islam.kz.
Оның айтуынша, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында 25 млн үй құсы, яғни, ел аумағындағы құстың 40 пайызға жуығы жойылған. Осыған байланысты Иранда құс еті мен жұмыртқасының бағасы күрт өсіп, сұранысты қанағаттандыру үшін Түркиядан құс пен жұмыртқа импорттауға көшкен.
Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, 2003-2018 жылдар аралығында әлем бойынша 454 адамның өмірін жалмаған. H5N1 тұмауы жабайы құстардан үй құсына, одан адамға жұғады.