Иранда АЭС-ті Ресей салатын болды

162

Қос тарап алдағы уақытта келісімге қол қоюы тиіс.  

Иранда АЭС-ті Ресей салатын болды Фото: cfr.org

Алдағы аптада Тегеран мен Мәскеу жаңа атом энергоблоктарын салуға қатысты құжаттарға қол қояды. Бұл туралы Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы және вице-президенті Мұхаммад Эслами айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

"Иран мен Ресей алдағы күндері жаңа атом станцияларын салу жөніндегі келісімге қол қояды", – деді Мұхаммад Эслами IRNA агенттігіне.

Оның сөзінше, Иран мен Ресей арасындағы келісімшартта 8 жаңа АЭС туралы сөз болып отыр. Олардың төртеуі Бушер қаласында орналасады. Тегеран қалған станцияларды салу туралы Ресей тарапына қосымша хабарламақ.

Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы жобаны жүзеге асыру үшін қажет барлық келіссөздер мен зерттеулер аяқталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ құрылыс жүргізілетін орындар таңдалып қойғаны да белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу