АҚШ пен Израиль тастаған бомбалар осы сауда орындарына түскен еді. Бірақ иелері бірден жөндеп, кәсібін қайтадан бастап кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Бұған АҚШ пен Иран арасындағы оқ атуды 2 аптаға тоқтатуы себеп болды. Қазір парсы кілемдерін Шығыс Азия елдері мен Еуропа мемлекеттері қайта алдырып жатыр. Бірақ тауар бұрынғыдай су жолымен емес, құрлық арқылы барады.
"Соғыс біздің өмірімізге көп қасірет әкелді. Қаншама үй қирап қалды. Бірақ біз жұмыс істеуіміз керек. Онсыз аштан қатамыз. Әлемге әйгілі кілемдерімізді бірдеңе қылып сатуымыз қажет. Бізде басқа таңдау жоқ. Бейбіт бітім жалғасын табады деген үміттемін. Иран халқының басындағы нәубет аяқталады деп сенемін", – деп айтты кілем тоқу шебері Мохаммад Ағакей.