Белгісіз ер адам Иранның Шираз қаласында Шах Черах кесенесінде адамдарға оқ жаудырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz IRNA сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылдаушы ғимарат қақпасында күзетшілермен сөзге келіп, қақтығысқаннан кейін оқ жаудырды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды.
Фарс провинциясының шенеуніктері күдіктінің ұсталғанын және сот органдарына жауап алуға жіберілгенін хабарлады. Шабуылдаушы Ер адам теріс діни ағымдардың бірінің жақтаушысы болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу