Иранда Бішкектен барған жүк ұшағы апатқа ұшырады

703

Әуе көлігінде 10 жолаушы болған. 

Иранда Бішкектен барған жүк ұшағы апатқа ұшырады

Теһранға жақын жерде Бішкектен ұшып келе жатқан Boeing 707 жүк ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды РБК. 

Boeing 707 жүк ұшағы Карадже қаласының Фатх әуежайында қону кезінде апатқа ұшыраған. Бішкектен ұшып келген ұшақ жолақтан сырғанап кеткен. 

Оbozrevatel.com мәліметінше, әуе көлігінде 10 жолаушы болған. Олардың жағдайы әлі белгісіз.

Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Ұшқыш ұшақты басқара алмай қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу