Иранда жыл сайын Күн күнтізбесі бойынша жылдың соңғы сәрсенбісіне қараған түні атап өтілетін "Чахаршанбе Сури" мерекесіне дайындық кезінде 15 адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.
ИРНА агенттігі Төтенше жағдайлар орталығының басшысы Джафер Миадфердің сөздерін келтіреді, ол Табризде, Тегеранда, Хамаданда, Урмияда және Казвинде танымал мерекеге дайындыққа байланысты қайғылы оқиғалардың салдарынан 15 адам қаза тапты, тағы 353 адам зардап шекті деп хабарлады.
Миадфердің айтуынша, 49 адам ауруханаға жатқызылған, алтауының жағдайы ауыр. Құрбан болғандар басым көпшілігі Тегеранда тіркелді.
Ирандағы Жаңа жыл 21 наурыздан басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу