Бақылау ұйымы нақты уақыттағы желі жұмысына сүйене отырып, бұл жағдай Израильмен әскери шиеленістің күшеюі мен бірнеше күнге созылған зымырандық соққылардан кейін орын алғанын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін елде интернетке қолжетімділік жартылай шектеліп келген еді.
Сонымен қатар, Иранның жетекші мемлекеттік банктерінің біріне ірі кибершабуыл жасалғаны хабарланды. Бұл шабуыл салдарынан банк жүйесі істен шығып, клиенттерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылған.
Осы оқиғалар аясында G7 елдерінің көшбасшылары дүйсенбі күні ортақ мәлімдеме жасап, Иран ядролық қаруға ие болмауы керек екенін айтып, Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдайтындарын білдірді.
Өз кезегінде Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Иран "таңылған соғысқа да, таңылған бейбітшілікке де көнбейтінін" мәлімдеді.