Иранда Израиль шабуылы басталғалы 430 адам қаза тапқан

169

Иранның денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандардан бөлек, 3,5 мың адам жарақат алғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Иранда Израиль шабуылы басталғалы 430 адам қаза тапқан Фото: Getty Images

Негізі осыған дейін Иран 224 адам қаза болғанын хабарлаған. Ал Иран белсенділерінің АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency ұйымының есебінше, Иранда шабуылдан 263 бейбіт тұрғын, 154 қорғаныс қызметкерлері және нақтыланбаған 224 адам қаза болған.

Бұған қоса, 1300-ден аса адам жараланғаны айтылды. Ұйым бұл статистика ресми деректер мен жергілікті ақпараттар негізінде жасалды дейді.

Әзірге Израиль Ирандағы бейбіт азаматтардың қазасына қатысты мәліметке түсініктеме бермеді.

Израильдің ресми дерегі бойынша, Иранның шабуылынан 24 адам қаза тапқан. Тель-Авивтің мәліметінше, 13 маусымнан бері Иран Израильге 400 ракетамен шабуылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу