Иранда көмір шахтасында жойқын жарылыс болып, 30 адам қаза тапты

213

Табас көмір кеніші ел астанасы Тегераннан 540 шақырым жерде орналасқан.

Иранда көмір шахтасында жойқын жарылыс болып, 30 адам қаза тапты Фото: apnews.com

Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында метанның ағуынан жойқын жарылыс болды. Оқиға орнында 30 адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі Аljazeera.com порталына сілтеме жасап.

Шахта туннельдерінде әлі 24 адам қалып қойған. Ал қазір тек 28 ирандық өз бетімен қашып үлгерді, олар ауруханаға жатқызылды.

Мәліметтерге сенсек, Иран президенті Масуд Пезешкиан шахтада қалған кеншілерді құтқару және олардың отбасыларына көмек беру үшін бар күш-жігерді салуды бұйырды. Ел басшысы жағдайға қатысты тергеу басталғанын айтты.

Бұл Иранның тау-кен өнеркәсібінде болған алғашқы апат емес. 2013 жылы осындай екі оқиға болып, 11 жұмысшы қаза тапты. 2009 жылы бірнеше оқиға болып, 20 жұмысшы қайтыс болды. 2017 жылы көмір шахтасында жарылыс болып, кем дегенде 42 адам көз жұмды.

Айта кетейік, тау-кен аймақтарында қауіпсіздік стандарттарының жеткіліксіздігінен жарылыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу