Иранның оңтүстік-батыс бөлігіндегі Хузестан провинциясында кейінгі 24 сағат ішінде құмды дауыл салдарынан жүрек пен тыныс алу жолдарына байланысты мәселелермен 802 адам ауруханаға жүгінген. Олардың 92-сі ауруханаға жатқызылып, қалғандарына амбулаториялық көмек көрсетілді.
IRNA ресми агенттігінің хабарлауынша, Ахваз Джундишапур медицина университеті ректорының орынбасары Мейсем Муази өңір тұрғындарын, әсіресе балаларды, жүкті әйелдерді, қарт адамдар мен тыныс алу жолдары аурулары бар науқастарды мүмкіндігінше үйлерінде қалуға шақырды.
Хузестанның метеорологиялық басқармасы да құмды дауыл Ирактан келгенін хабарлап, бейсенбі мен жұма күндері халық денсаулығына байланысты "қызыл деңгейдегі қауіп" жариялаған. Жұма күні Ахваз қаласында ауадағы шаң-тозаң мөлшері бір текше метрге 2 159 микрограммды құрады.