Иранда 22 жастағы белсенді Махса Амини қаза болғаннан кейін елді шарпыған наразылық акцияларында полиция қызметкерін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған үш адамға қатысты өлім жазасы орындалды, деп жазады inbusiness.kz.
Mizan агенттігінің хабарлауынша, Салих Мирхашими, Мажид Қазыми мен Саид Якуби "мемлекеттік билікке қарсы қылмыс" бабы бойынша кінәлі деп танылған.
ИИР сот органдарының мәліметінше, өлім жазасына кесілгендер тыйым салынған "Иран халқының моджахедтері" ұйымының мүшелері болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу