Иранда наразылық акциялары әлі де жалғасып жатыр

661

Иранда 22 жастағы Махса Аминидің өліміне қатысты наразылық басылар емес, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Иранда наразылық акциялары әлі де жалғасып жатыр

Айта кетейік, 13 қыркүйекте 22 жастағы Махса Аминиді полиция елдегі хиджаб кию ережесін бұзды деген айыппен ұстаған. Ұсталғаннан кейінгі бірнеше сағаттан соң Махса Амини ауруханға түскен. 16 қыркүйекте ес-түссіз жатқан әйел қайтыс болды.

Махса Аминидің қамауға алынған сәтін көрген куәгерлердің айтуынша, полиция әйелді тергеу изоляторына жеткізетін фургон көлікте соққыға жыққан. Құқық қорғау органдары бұл ақпаратты жоқ шығарды. Олар бөлімшеге келгеннен кейін Аминидің жүрегі ауырғанын хабарлаған. Ал марқұмның анасы Моджган Амини қызының денсаулығы жақсы болғанын, жүрегі ешқашан ауырмағанын айтты.

Махса Аминидің қазасы әлеуметтік желілерде де жаппай наразылық тудырды. Көпшілік Иран билігін "әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты насихаттады" деп сынады.

22 қыркүйекте түнде аяқталған наразылық шаралары жұма күні кешке қайта жалғасқан.

Қауіпсіздік күштері мен шерушілер арасында бірнеше рет қақтығыстар да болған. Шерушілер қоқыс контейнерлерін өртеп, кедергілер орнатқан, ал қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ бен таяқтарды қолданған. 

Иран Студенттер кеңесінің мәліметінше, Тегеран университетінің ұсталған студенттерінің саны 30-ға жеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу