Иранда наразылық акциясына қатысушы өлім жазасына кесілді

655

Иран соты елде бір айдан астам уақытқа созылған наразылық акциясына қатысушыға  алғашқы өлім жазасы тағайындалды. Тағы бес адам түрмеге жабылды. 

Иранда наразылық акциясына қатысушы өлім жазасына кесілді Фото: focus

Тегерандағы сот 22 жастағы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін елде басталған наразылық акциясына қатысушылардың бірін өлім жазасына кесті. Наразылық білдірушілерге қатысты мұндай үкім бірінші рет шығарылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Сотталғанның жеке басын немесе жынысын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер порталда келтірілмейді, бірақ оның үкіметтік ғимаратты өртеген, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, сондай-ақ "ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіргені" үшін кінәлі деп танылғаны көрсетіледі. Сонымен қатар, ол "сыбайлас жемқорлық" пен "мохареб" - "Құдайға қарсы соғыс" баптары бойынша сотталған. Соңғысы Иран Заңымен аса ауыр қылмыс ретінде қарастырылады, сондықтан қылмыскер өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Сонымен қатар, Тегерандағы соттың басқа отырысында тағы бес наразылық білдіруші әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды - олар "ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар жасау үшін сөз байласты" және "қоғамдық тәртіпті бұзды" деп айыпталды. Сотталушылар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылды, олардың шағымдануға құқығы бар.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу