Иранда Нобель сыйлығының лауреаты 7,5 жылға сотталып кетті

324

Белсендінің денсаулығы сыр берген. 

Иранда Нобель сыйлығының лауреаты 7,5 жылға сотталып кетті Фото: aol.com

Ирандық құқық қорғаушы, 2023 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Наргес Мұхаммади 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Associated Press агенттігі тиісті ақпаратты таратты. Шетелдік БАҚ Наргес Мұхаммадидің адвокаты Мұстафа Нилидің X әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасаған.

53 жастағы Наргес Мұхаммади 2025 жылдың 12 желтоқсанында құқық қорғаушы адвокат Хосров Аликордимен қоштасу рәсімі кезінде ұсталды. 2026 жылдың 2 ақпанында ол аштық жариялады. 8 ақпанда белсенді жиналыстарға қатысып, қылмыс жасау мақсатында келісімге келу бабы бойынша 6 жылға, ал насихат бабымен тағы 1,5 жыл сотталды. Бұдан бөлек мерзімін өтеп болған соң оған 2 жыл бойы елден шығуға тыйым салынады. Мұхаммади аталған мерзім ішінде Хусф қаласында тұруға міндеттеледі. 

Адвокат Мұстафа Нилидің айтуынша, 3 күн бұрын Наргес Мұхаммадидің денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілген, алайда кейін қайта қамауға алынған. 

Наргес Мұхаммади – Ирандағы құқық қорғаушылар орталығының вице-президенті. Соңғы 20 жыл бойы ел билігі оны режимге қарсы шығып, журналистік және құқық қорғау қызметі үшін бірнеше рет түрмеге жапқан. Белсенді жалпы алғанда 13 рет ұсталған. 

Оның жақтастарының сөзінше, Наргес Мұхаммади қамауда болған жылдар ішінде бірнеше рет жүрек талмасымен ауырған. 2022 жылы оған шұғыл ота жасалған. 2024 жылдың соңында сүйек ісігі анықталып, кейін ол сәтті алынып тасталған. 

Айта кету керек, бұған дейін Иран ядролық бағдарламадан бас тартпайтынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу