Иранда оқитын қазақстандық студенттер Әзербайжан арқылы елге оралды

205

Бұл туралы Әзербайжанның APA ақпарат агенттігі хабарлады.    

Иранда оқитын қазақстандық студенттер Әзербайжан арқылы елге оралды Фото: apa.az

Ирандағы ахуалдың ушығуына байланысты, бір топ шетел азаматтары, соның ішінде Қазақстаннан барған студент қыздар Әзербайжан арқылы Қазақстанға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Астара" шекара бекеті арқылы шамамен 40-қа жуық шетел азаматы эвакуацияланған. Олардың қатарында Иранда білім алып жатқан қазақстандық және ресейлік студенттер, сондай-ақ Жапонияның дипломаты, Бахрейн, Австралия, Нидерланд, Ұлыбритания мен Италия азаматтары бар.

Бірнеше күн бұрын ҚР сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильден азаматтарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын аяқтағанын хабарлаған еді. Ираннан 230 қазақстандық елге жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу