Азия чемпионатында жерлесіміз жеңіске жетті

745

Азия чемпионатында жерлесіміз жеңіске жетті

Иран астанасы Тегеранда басталған жабық кешендегі Азия чемпионатының алғашқы күнінде әйелдер арасында үш қарғып секіруден қазақстандық Ирина Эктова чемпион атанды, деп хабарлайды kazathletics.kz.

Әйелдер арасында үш қарғып секіру сайысына Қазақстаннан екі спортшы келген болатын. Олар – Ирина Эктова мен Мария Овчинникова. Соңғысы, былтырғы жылы Үндістанда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен және Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында екінші орын алған. Бірақ бұл жолы Мария төртінші орынды қанағат тұтты. 19 жастағы спортшы ең жоғарғы көрсеткіші – 13 метр болды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибелі атлеті Ирина Эктова 13.79 метрмен чемпион атанды. Екінші орын үндістандық атлетке бұйырса, үздік үштікте Вьетнам спортшысы тұрақтады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу