Иранда өткен аптада басталған наразылық шеруі тәртіпсіздікке ұласты

959

Иранда өткен аптада басталған наразылық шеруі тәртіпсіздікке ұласты

Ирандағы ахуал ушығып барады. Соңғы тәулікте елді жайлаған тәртіпсіздік салдарынан 10 адам қаза тапты. Әзірге марқұмдардың қай қалада көз жұмғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Өйткені ереуілдер бірнеше қалада қатар жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл елдегі наразылық шерулері өткен аптада басталған болатын. Содан бері қақтығыстардан қаза тапқандар саны 12-ке жетті. Наразы топ республикадағы өмір сүру деңгейінің нашарлығы мен жемқорлыққа қарсы бас көтерген. Оған қоса Иранның Сирия мен Ирактағы соғысқа араласып, оған көп қаржы жұмсағанына наразы.

Жағдайдың ушығуына байланысты ел президенті Хасан Рухани халықты сабырға шақырды. Ол тұрғындардың билікті сынауға еркі бар екенін, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекет мүлкін бүлдіруге жол бермейтінін мәлімдеді. Ал ашынған топ шаһарлардағы полиция бекеті мен әскери базаларды басып алуға талпынған. Оларды тоқтату үшін полиция көзден жас ағызатын газ шашып, сумен атқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу