8 маусымда Иранның шығысында пойыз рельстен шығып кетті, салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің дерегінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 05:30 шамасында болған. Мешхедтен Йездке бара жатқан жолаушы пойызы Тебес қаласының маңында экскаватормен соқтығысып, төрт вагон рельстен шығып кеткен.
Аймақ губернаторының айтуынша, 50-ге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алды. Пойыз ішінде 348 жолаушы болған.
Апат болған жерге көршілес өңірлерінен құтқарушылар жіберілді. Мамандар тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу