Иранда президент сайлауы 28 маусымда өтеді

170

Кандидаттарды тіркеу 30 мамырдан 3 маусымға дейін жүргізіледі. 

Иранда президент сайлауы 28 маусымда өтеді Фото: istockphoto.com

Иран үкіметі дүйсенбі күні елдегі 14-ші президенттік сайлауды 28 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Сайлау күні бүгінде президент қызметін атқарып жатқан Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммад Мохбер, сот жүйесінің басшысы Голам Хосейн Мохсени-Эджеи, Парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф, сондай-ақ президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мохаммад Дехган мен Иранның Конституциялық кеңесі мен Ішкі істер министрлігі өкілдері қатысқан отырыста белгілі болды, делінген хабарламада.

Иран Конституциясының 131-бабына сәйкес, егер президент өз міндетін атқара алмаса, атқарушы билік уақытша бірінші вице-президенттің қолына өтеді, ол 50 күн ішінде жаңа президентті сайлауды ұйымдастыруға міндетті.

Кездесу барысында қатысушылар сонымен қатар атқарушы делегацияларды жасақтау, кандидаттарды тіркеу және сайлау науқандарын бастауды қамтитын сайлау процесінің кестесін жасады, деп хабарлайды ИРНА.

"Кестеге сәйкес, тіркеу 30 мамырдан 3 маусымға дейін жүргізіледі, содан кейін кандидаттар 12-27 маусым аралығында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі тиіс", - делінген хабарламада.

ИРНА мәліметтерінше, Конституциялық кеңес кестені бекітті.

Айта кетейік, Иран президенті Ибрахим Раиси мен онымен жанында болған команданың кейбір мүшелері, соның ішінде Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян дүйсенбі күні таңертең Тегераннан шамамен 670 шақырым жердегі Варзакан ауданы маңында құлаған тікұшақтың сынықтары табылғаннан кейін қайтыс болды, деп жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу