Иранда президенттік сайлауға 6 үміткер түседі

140

Сайлауға қатысуға 80 адам өтініш білдірген. 

Иранда президенттік сайлауға 6 үміткер түседі Фото: Irna

Иранда 28 маусым күні президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саяси додаға 6 үміткер қатысады. Олардың арасында парламент спикері Мұхаммед Багер Гали-баф, ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздер тобының бұрынғы басшысы Саид Жалили және Тегеран мэрі Али-реза Закани бар. 

Сарапшылардың пікірінше Гали-бафтың жеңіске жетуге мүмкіндігі мол. Сайлауға қатысуға 80 адам өтініш білдірген. Бірақ Конституция сақшылар кеңесі тек 6 кандидатқа рұқсат берген. 

Өткен айда Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапқан еді. Жергілікті заңға сәйкес егер президент өз міндетін атқара алмаса, 50 күн ішінде жаңа президент сайлауы өтіп, жаңа басшы тағайындалуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу