Иранда президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталды

180

28 маусымда Иранда Ибрахим Раисидің ұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Үміткерлерді тіркеу 5 күнге созылады. 

Иранда президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталды Фото: IRNA

Иранда 30 мамыр, бейсенбіде ел президенттігіне кандидаттарды ресми тіркеу басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мерзімінен бұрын сайлау 28 маусымда Ислам Республикасының Президенті болған Ибрахим Раисидің ұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты өтеді. Тіркелу үшін үміткерлер келесі бес күн ішінде Иранның ішкі істер министрлігіне жеке келуі керек.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 12 мүшеден тұратын Конституция күзетшілер кеңесі үміткерлердің идеологиялық критерийлер бойынша президенттікке жарамдылығын шешеді, деп атап өтті dpa агенттігі. Кеңес мақұлданған кандидаттардың соңғы тізімін 11 маусымда жариялайды. Содан кейін саясаткерлерге сайлау науқанына екі апта уақыт беріледі. Егер кандидаттардың ешқайсысы сайлаудың бірінші турында абсолютті көпшілік дауысқа ие болмаса, 5 шілдеде болашақ президентті анықтайтын екінші тур өтеді.

Президент — Ирандағы екінші маңызды шенеунік, ол өкілдік функцияларды орындайды және елдегі атқарушы билікті басқарады. Президент 4 жылдық мерзімге сайланады және бұл қызметті қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу