Иранның Керман қаласында генерал Қасем Сүлеймани жерленген жерге апаратын жолда жарылыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
IRNA агенттігінің мәліметінше, кейін тағы бір жарылыс болған. Керман қаласының төтенше жағдайлар қызметінің басшысы 15 адамның жараланғанын айтты. Иран билігі жарылыстың себебін әлі анықтаған жоқ. Дегенмен, кейбір расталмаған хабарларда жарылысқа "газ капсулалары" себеп болғаны айтылуда.
Айта кетсек, Сүлеймани 2020 жылы АҚШ әскерінің шабуылынан қаза тапқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу