Бұл туралы ИРНА агенттігі Ислам революциясының күзетшілер корпусының (ИРКК) әскери бөлімшесі "Әл-Құдс" штабының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Мәлімдемеде Иранның оңтүстік-шығысында "араңдатушылық әрі террористік актілерді жоспарлау" айыбы бойынша төрт азамат ұсталғаны айтылған.
Штаб топтың "әлемдік державалармен байланысы" барын айтады.
"Айыпталушылардың Иран аумағында ешқандай қылмыстық іс-қимыл жасап үлгермеген", - делінген хабарламада.
Ұсталғандардан 6 қару мен көптеген оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлады штаб.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу