Иранда үкіметке қарсы наразылықтарға қатысушыға қатысты алғашқы өлім жазасы орындалды

804

Бірінші өлім жазасына кесілген Мохсен Шекари болды.  

Иранда үкіметке қарсы наразылықтарға қатысушыға қатысты алғашқы өлім жазасы орындалды Фото: unn.com.ua

Асу жазасы арқылы орындалған үкім жайлы сот билігінің ақпараттық органы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Шекари қауіпсіздік күштерінің қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасады және Тегеранда жол қозғалысын тоқтатты деп айыпталды. Мұндай қылмыс түрі "мохаребех" – яғни "Құдайға қарсы соғыс жүргізу" деп танылды.

1 қарашада өлім жазасы туралы үкім шығарылды, апелляцияны Ислам Республикасының Жоғарғы Соты қабылдамады.

Amnesty International мәліметтері бойынша, өлім жазасына ұсталған тағы 28 демонстрант кесілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу