26 сәуірде Иранның Шахид Раджи портында жарылыс болып, 1139-дан аса адам жарақат алды. Осыған байланысты провинция билігі Хормозганда үш күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаза тапқандар саны кеше 25 адам болса, бүгін 36-ға жетті. Жергілікті БАҚ, із-түзсіз жоғалған адамдар да бар екенін жазды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға жанармай сақталған резервуардың өртенуі себеп болуы мүмкін. Жарылыстан жақын маңдағы аудандар қирап, Бандар-Аббас қаласының батыс бөлігіндегі кейбір өнеркәсіп салалары бүлінген.
Жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді.
Айта кетейік, Бендер-Аббастағы порт Иран сауда тасымалының басты өткелі саналады.