Саясаттанушы Ерлан Карин қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеевтің елге қайтып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.
Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Қанат Бейсекеевтің жағдайы жақсы. Ол үйіне ұшып келе жатыр. Жұмысқа байланысты бір жағдай туындады, бірақ мәселе шешілді", - деп жазды Карин.
Айта кетсек, бүгін қазақстандық режиссер, деректі фильмдер режиссері, сценарист және оператор Қ. Бейсекеевтің Иранда ұсталғаны туралы PR-маман Әлішер Елікбаев айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу