Иранда жемқорлыққа қарсы ереуілдер кезінде 2 адам қаза тапты

895

Иранда жемқорлыққа қарсы ереуілдер кезінде 2 адам қаза тапты

Ирандағы ахуал ушығып барады, деп хабарлайды 24.kz. 

Мұнда үш күн бұрын басталған ереуілдер ел астанасы Тегеранға да жетті. Ашынған топ полицейлермен қақтығысып, мемлекеттік нысандарды басып алуға талпынған.

"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, Доруд қаласындағы қақтығыс кезінде тәртіп сақшыларының оғынан екі адам қаза тапты. Дегенмен әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, тұрғындар елдегі өмір сүру жағдайының нашарлығы мен жемқорлыққа наразы.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу