Иранның әйгілі Эвин түрмесінде үлкен өрт шықты. Қаза болғандар саны туралы әзірге нақтыдеректер жоқ.
Өрттің бейнежазбасын жариялаған куәгерлердің айтуынша, түрме маңында біраз уақыт атыс пен сирена естілген.
Оны желіге ирандық оппозициялық топтардың бірі жүктеген.
Мемлекеттік БАҚ түрмедегі жағдай қазір бақылауда екенін мәлімдеді. Куәгерлердің айтуынша, нысанға апаратын жолдар жабылып, ішке полицияның арнайы батальондары кіргізілген. Өрт сөндірушілер де оқиға орнында.
Мемлекеттік мекеменің мәліметінше, жалынның тұтануына тұтқындардың бірі себеп болған. Алайда бұл дерек әлі нақтыланбаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу