Иранда зілзала салдарынан екі адам мерт болып, жүздеген адам зардап шекті

410

Иранда жер сілкініп, магнитудасы 5,9 балға жеткен. Оқиғаның салдарынан екі адам қаза тапты, жүздеген адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК порталына сілтеме жасап.

Иранда зілзала салдарынан екі адам мерт болып, жүздеген адам зардап шекті

Магнитудасы 5,9 болатын зілзала Иранның солтүстік-батысында болды. Әзербайжанның Қызыл Жарты ай ұйымының мәліметінше, зардап шеккендер саны 580 адамға жеткен.

Fars агенттігінің жедел қызметке сілтеме жасап хабарлауынша, жерасты дүмпуінің тереңдігі – 7 метр. Екі адам мерт болып, 580 тұрғын жапа шеккен.

Жер сілкінісі әсіресе елдің солтүстік-батысындағы Хой қаласында, Батыс Әзербайжан провинциясында сезілген.

Fars тілшісіне Өңірдегі дағдарыс жағдайлары басқармасының бас директорының хабарлауынша, құрбан болғандар саны өте көп, бірақ әзірге нақты дерек жоқ. Зардап шеккендерге далалық госпиталь ұйымдастырылды. Батыс Әзербайжанның Жол және автокөлік басқармасының бас директорының мәлімдеуінше, зілзала жолды зақымдамаған, көлік қатынасы бұзылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу