Бұл сандарды БҰҰ маманы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ұсталғандардың арасында ерлер, әйелдер, тіпті балалар да бар.
"Соңғы алты аптаның ішінде мыңдаған ерлер, әйелдер мен балалар – кейбір деректер бойынша 14 мыңнан астам адам қамауға алынды, олардың арасында құқық қорғаушылар, студенттер, адвокаттар, журналистер және азаматтық белсенділер бар", – деп келтіреді CNN Ирандағы адам құқықтары жөніндегі арнаулы баяндамашы Джавид Рехманның сөзін.
Оның айтуынша, тәртіпсіздік болған күндері 277 адам қаза тапқан, 1000-нан астам ирандық қазір ашық сотты күтіп отыр.
Олар наразылықтар кезінде тұтқындалып, тіпті өлім жазасына кесілген айыптарға да тап болды.
Мерзімді түрде билік пен халық арасындағы нағыз текетіреске ұласатын наразылық шаралары Иранда қыркүйектің ортасында басталды. Оған хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алынған 22 жастағы қыздың өлімі себеп болған. Ал билік көшедегі тәртіпсіздіктерді шетелдік арамзалардың айласы деп санайды.