Ирандағы банктер SWIFT ақша аудару жүйесінен ажыратылды

826

Ирандағы банктер SWIFT ақша аудару жүйесінен ажыратылды

CУИФТ деп аталатын банкаралық ақпарат алмасу және төлемдер өткізудің халықаралық жүйесі Иранның бірқатар банктерін өз жүйесінен ажыратты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл АҚШ-тың Иранға қарсы қабылдаған санкцияларын орындау үшін қабылданған шара. Еуроодақ басшылығы СУИФТ-тің бұл шешіміне өКінішін білдіріп, Иранмен транзакцияларын сақтап алуға арналған механизмді құруын жеделдетпек.

Еске салсақ, АҚШ-тың Иранға қарсы қабылдаған санкциялары осы елмен қаржылық операциялар жүргізетін және мұнай сатып алатын өзге елдерге де қатысты болып отыр. Дегенмен, АҚШ бірқатар мемлекеттерге жарты жылға жеңілдік берген. Бұл Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және Турция. Еуроодақ елдеріне бұл тізімге Италия мен Грекия кірген.

"СУИФТ-тың Иран банктерін өз жүйесінен ажырату шешімін назарымызға алдық. Өкінішке орай, бұл шешім халықаралық қаржы жүйесінің тұтастығына кері әсер етуі мүмкін. Ал арнайы механизмге келетін болсақ, еуропалық бизнестің Иранмен заңды сауда жүргізуіне жағдай жасауға бағытталған бұл жұмысымызды үдете түстік", - дейді ЕО сыртқы қимылдар қызметінің өкілі Майя Косьянчич.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу