Бұл туралы inbusiness.kz сайты Report-қа сілтеме жасап хабарлайды. Ирандағы адам құқықтары ұйымының жазуынша, концерт топ құрамында әйел музыканттың болуына байланысты өтпей қалған.
Мәліметке сәйкес, 5 ақпанда Исфахан қаласында "Лиана" музыкалық тобының концерті ұйымдастырылуы тиіс еді. Концерт өткізуге алдын ала барлық құзырлы органнан рұқсат алынғаны айтылып жатыр. Солай бола тұра концерт тоқтатылып отыр.
Музыкалық топтың жетекшісі – Мохсен Шарифиан. Ал, оның қызы Лиана Шарифиан да – топ мүшесі. Тіпті, топ атауы да әншінің құрметіне қойылған. Иран билігі музыканттың әйел болуына байланысты концерт өткізбеу туралы шешім қабылдаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу