Ирандағы наразылық бойынша тағы екі адам дарға асылды

524

Иранда 2023 жылғы 7 қаңтарда былтыр қыркүйекте басталған наразылыққа қатысқан екі адам дарға асылды.

Ирандағы наразылық бойынша тағы екі адам дарға асылды

CNN телеарнасы наразылыққа қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендер саны төртеу болғанын жазды.

22 жастағы Мұхаммад Мехди Карамиге және 39 жастағы Мұхаммад Хуссейниге "Басидж" қызметкерлерін өлтірді деп айып тағылған. Бұл іс бойынша тағы үш адам өлім жазасына кесіліп, 11 адам түрмеге отырғызылған.

Amnesty International жазуынша, айыпталушыларды күшпен мойындатқан. Хуссейнидің адвокаты желтоқсанда өзі қорғап отырған азаматтың аяусыз азапталғанын, күшпен мойындату заңсыз екенін мәлімдеген. 

Ал Иран билігі күшпен мойындатқанын жоққа шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу