Ирандағы президент сайлауы: реформист Масуд Пезешкиан жеңіске жетті

200

Иранда президент сайлауының екінші кезеңінде бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Масуд Пезешкиан сайлау додасында жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ирандағы президент сайлауы: реформист Масуд Пезешкиан жеңіске жетті Фото: Reuters

Пезешкиан 16,4 млн-ға жуық дауыс алды. Бұл – жалпы санның кем дегенде 53,6 пайызы. Ал оның қарсыласы Саид Джалили 13,5 млн дауысқа ие болды. Бір апта бұрын өткен президент сайлауының бірінші кезеңінде Пезешкиан миллионға жуық дауыс алған. Елде әйелдер мен радикал оппозиционерлерге сайлауға түсуге тыйым салынған.

"Дауыс берудің екінші турына 30,530 млн сайлаушы қатысты, ал Иранда 61 миллионға жуық адамның дауыс беруге қақысы бар. Президент сайлауының бірінші кезеңінде келушілер үлесі шамамен 40% құрады, бұл – Ислам Республикасы тарихындағы ең төменгі көрсеткіш", – деді Эслами. 

Mehr агенттігінің жазуынша, дауыс беру Конституцияда қарастырылған мерзімнен (10 сағат) алты сағат ұзағырақ болған.

5 шілдеде Иранда кезектен тыс президент сайлауының екінші туры өтті, ол елдің атқарушы билігі басшысының ұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу