Ирандағы жер сілкінісі ядролық сынақ болуы мүмкін

770

Семнан провинциясында жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желілерде тіпті Тегеранның бір бөлігінде сезілген серпін Иранның алғашқы ядролық сынақтарынан туындаған деген қауесет тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап. 

Ирандағы жер сілкінісі ядролық сынақ болуы мүмкін Фото: eadaily

5 қазан 22:45-те Тегеран университетінің сейсмографиялық орталығының сайты Семнан провинциясында 4,4 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады. Жерасты дүмпулері шығыс Тегеран провинциясында да сезілді.

Хабарламадан кейін бірнеше сағат ішінде әлеуметтік желілерде Ислам республикасы Израильлен кек қайтару үшін жер астында алғашқы ядролық сынақтарын өткізбек болды деген қауесеттер қаптады. 

Кейінгі кездері Ислам республикасының басшылары мен ИРҚК қолбасшылары батысты, әсіресе Израильді, егер елге экономикалық, саяси әрі әскери қысым күшейетін болса, Иранның әскери қорғаныс доктринасы өзгеруі мүмкін деп жиі қорқытатын болған. Ондай жағдайда Иранның Рухани көсемінің "ядролық қару жасау исламға қайшы" деген пәтуасы өз күшін жоймақ.

Бейресми түрде Ислам Республикасы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ақпараттық базасы қызметін атқаратын NorNews ақпараттық ресурсы әлеуметтік желідегі жазбаларды "қауесет" деп атап, ядролық сынақтың Иранның ядролық және қорғаныс доктринасына қайшы келетінін қайталады.

Сарапшылар мұндай жер астындағы ядролық сынақтарды өткізу техникалық жағынан мүмкін екенін растайды, бірақ жазылған импульстің көрсетілген тереңдігі мен шамасы ядролық сынақтар кезіндегідей болуы мүмкін емес, өйткені мұндай тереңдіктегі ядролық жарылыстарды жер бетіне ешқандай нұқсан келтірмей бақылау мүмкін емес. Тіпті мұндай ядролық сынақты өткізу мүмкін болған жағдайда да оған ирандық үйлестірушілердің қазіргі техникалық дағдылары жеткіліксіз.

Сондай-ақ ядролық қорғаныс сарапшылары мұндай деңгейдегі сынақты жер бетінде анықталатынын ескерсек, батыс державалары барлау спутниктері назарынан тыс қалмасын алға тартады.

Иран жер сілкіністеріне бейім екенін бәрі біледі, ешкім таң қалмайды, бірақ Таяу Шығыстағы саяси әрі әскери жағдай және Иран мен Израиль арасындағы бұрын-соңды болмаған шиеленіс түрлі болжамдар мен қауесеттердің таралу алаңына айналып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу