Ирандағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан адам саны әлі артып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, 569 тұрғын ажал құшқан, деп хабарлайды khabar.kz.
Айта кеткен жөн, қарашаның ортасында Иранның батысында 7,2 балдық зілзала болған еді. Жер сілкінісінен қаза болғандардың дені – Иракпен арадағы шекараға жақын орналасқан Сере-Поле-Зохаб қаласының тұрғындары. Жерасты дүмпулері көрші Иракпен қоса Кувейт, Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктерінде де сезілген. Ал 4 күн бұрын Иранда 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Десе де ондаған адам жарақат алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу