Иранда ішімдік ішкен 48 адам көз жұмды

447

Алкоголь өнімдерінен көз жұмғандар саны артып келеді.

Иранда ішімдік ішкен 48 адам көз жұмды Фото: Haqqin.az

Иранның төрт провинциясында соңғы уақытта метил спиртінен жасалған контрафактілі алкогольді ішкен адамдардың өлімі мен улану фактісі артып келеді. Жасанды сусындарды өндірумен айналысқан күдіктілер қамауға алынды, бірақ өте қауіпті сусындар Иран нарығында әлі де бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, елдің төрт облысында метил спиртінен жасалған алкоголь өнімдерін тұтыну салдарынан көз жұмғандар және көру қабілетінен айырылғандар саны артып келеді. 

Осы уақытқа дейін 48 адам қайтыс болған. Олардың жартысынан астамы Мазондаран аймағынан, қалғаны Гилан, Занджан және Хамадан аймақтарынан. Төрт провинцияда жүздеген адам уланып ауруханаға түскен, олардың кейбіреулері көру қабілетінен айырылды.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің қандай сусын ішкені және оны қай компания жасағаны туралы ақпарат жоқ. Контрафактілік өнімдерді дайындауға және таратуға қатысы бар күдіктілер ұсталғанымен, үкімет қауіпті өнімдерді нарықтан жүйелі түрде алып тастауға қауқары жетпей отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу