Ирандық инвестор Түркістан облысында 200 коттедждік жаңа қалашық салмақ

852

Сондай-ақ кірпіш зауытын салады.

Ирандық инвестор Түркістан облысында 200 коттедждік жаңа қалашық салмақ

Түркістан облысында жылына 70 млн кірпіш өндіретін зауыт салынады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов ирандық Farаdid Meehan компаниясының халықаралық байланыс жөніндегі директоры Абдолреза Шохуд Талабпен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге "Source Invest Company" ЖШС-ң бақылаушылар кеңесінің төрағасы Оралбек Ботбай қатысты.

Ирандық инвестормен кездесуде аудан басшысы алдағы уақытта ынтымақтастық аясында тығыз жұмыс жасайтынын жеткізді. Өз кезегінде Ирандық Абдолреза Шохуд ауданға 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салып, кірпіш зауытын ашып, ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты. Екі жақты кездесу нәтижесінде, Бәйдібек ауданының әкімдігі мен ирандық Farаdid Meehan компаниясы және "СПК" Түркістан АҚ филиалы арасында меморандум түзілді.

Аталған құжат аясында Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округіндегі индустриалды аймақтан 5 га жер бөлініп, кірпіш зауытының құрылысы жүретін болады.

Ирандық инвестор ауданда салынатын зауытта кірпіштің 7 түрін шығармақ. Онда 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылып, 1 айда 4-5 млн дана, жылына 60-70 млн дана кірпіш өндірілетін болады. Ирандық инвестор алдағы жылы қосымша 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйып, 200 коттедждік жаңа қалашық салмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу