Ирандық инвесторлар делегациясы Қызылорда облысында болды

905

Ирандық инвесторлар делегациясы Қызылорда облысында болды

1-2 ақпан күндері Қызылорда облысына Иран Ислам Республикасы (ИИР) Мазандаран провинциясы губернаторының орынбасары Юнеси Ростами Алиреза Алиджан және ҚР Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бағдад Әміреев бастаған делегация екі күндік  жұмыс сапарымен болды.  Сапар мақсаты – экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, бірлескен бизнес жоспарларға қатысу, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

1 ақпан күні делегация мүшелері  шыны зауытының құрылыс алаңын көрді,  "Абзал және К", "Смарт Раббер", "Жан-Арай Жем" кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Қызылорда облысының  әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы айтып берді. Мәселен, инвесторларды құс өсіру, мал және егін шаруашылығы, жылыжайлар салу, өндеу өнеркәсібі және т.б.  жобалар мен Қызылорда облысына Иран балығын, цитрустық, басқа да жеміс-жидек түрлерін экспорттау қызықтыруы мүмкін.

Сондай-ақ, осы күні облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында Иран делегациясы мен қызылордалық кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті.

2 ақпан күні қонақтар Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысып, бизнес қоғамдастықпен В2В форматында кездесу өткізді. Жаңақорған және Шиелі аудандарында болып,  аудан әкімдерінің  жиындарына  қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу