Ирандық инвесторлар Павлодар облысында күл үйіндісін қайта өңдеу зауытын салады. Жоба құны – шамамен 34 млрд теңге, деп хабарлайды 24.kz.
"Хамадан Минерал Файбер компани"-дің өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу бойынша үлкен тәжірибесі бар. Аймақтық үйлестіру кеңесі аталған комбинат құрылысы жобасын кәсіпкерлерді қолдау картасына қосты.
Шикізат Екібастұз бен Ақсу жылу электр станцияларынан алынбақ. Күл қалдықтарынан құрылыс материалдары мен шыны ыдыстарды шығару жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу