Иранға қарсы операцияда Американың қанша әскери қызметкері жарақат алғаны айтылды

Бұл туралы ТАСС жазды.   

Иранға қарсы операцияда Американың қанша әскери қызметкері жарақат алғаны айтылды Фото: sb.by

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы кезінде шамамен 300-ге жуық америкалық әскери қызметкердің жараланғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ Орталық қолбасшылығы өкілі қақтығыс кезінде жарақат алған 290 сарбаздың 255-і қызметке оралғанын айтты. Ал 10 америкалық әскери қызметкер өте ауыр жараланған. Осыған дейін қақтығыс пен әуе шабуылдарынан кемі 200 адам жараланып, 13-інің қаза тапқаны хабарланған еді.

Осы аптаның басында Иран Қарулы Күштері Хатам аль-Анбия орталық қолбасшылығының баспасөз хатшысы Эбрахим Золфагари АҚШ әскері Иранға қарсы агрессия кезінде қаза болғандар мен жараланғандардың нақты санын жасырып отырғанын мәлімдеді.

Еске салайық, 28 ақпан күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағаны белгілі. Иранның ірі қалалары, әсіресе ел астанасы Тегеран да соққының астында қалды. Содан кейін Иран Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасаған болатын.

Бұған дейін Иран соғысты тоқтатудың 3 шартын жариялаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу