Иранға күріш экспортталады

1431

Иранға күріш экспортталады

Өткен жылы Сыр диханшылары Ираннан күріштің жаңа сұрпын әкеліп, тәжірибеге енгізген болатын. Биыл сол күріштің 60 тоннасы Иранға экспортталады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Хабарда айтылғандай, келер жылы ирандық күріштің 8 мың тоннасы өз Отанына жіберіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов мәлімдеді.
Күріш алқаптарына 100 % жоғары сортты күріш себілді. Биыл күріш егістігінің көлемі 9203 гектарға артты. Тамыздың соңғы аптасында күрішке орақ түсті. Облыс бойынша күріштен басқа дәнді дақылдар толығымен жиналып болды. Қазіргі уақытта аймақта картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жұмыстары жүргізілуде.
"2017 жылы облыс бойынша 180,2 мың гектарға егіс егілді. Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 10,9 мың гектарға артық. Оның ішінде күріш көлемі 9,2 мың гектарға артық. Негізгі дақыл күріш көлемі де былтырғыдан 9203 гектарға көп егіліп отыр. Оның негізгі себептерінің бірі – ол, шаруашылықтар жазғытұрым мезгілінде Сырдария өзеніндегі бұрын-соңды болмаған мол судың көлемін пайдалану арқылы, көп жылдардан бері сусыз жатқан егістік жерлері іске қосылды. Жаңадан ашылған жерлерге күріш дақылы орналастырылды", - деді Бахыт Дүйсенұлы.
Жалпы, өңірімізде ауыл шаруашылығының экспорты 55 % құрап отыр. Осы жылы 1 тонна жылқы еті Еуропаға сынақ ретінде экспортталмақ. 17 тамызда 812 бас қозы Иранға жөнелтілді. Жыл соңына дейін 10 мың қозыны жөнелтуді мақсат етіп отыр. Жалағаш ауданындағы "Магра" шаруа қожалығы Ресейге 300 тонна қауынды экспорттаған. 100 тонна тәтті бұрышқа сұраныс түсіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу