Ираннан 10 күн ішінде 18 мыңға жуық ауған босқыны жер аударылды

383

Ауғандықтар "Догарун" БӨП арқылы Ираннан шығарылды.

Ираннан 10 күн ішінде 18 мыңға жуық ауған босқыны жер аударылды Фото: IRNA

Иран билігі Ауғанстанға 18 мыңға дейін босқынды жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz Мехр агенттігіне сілтеме жасап.

Хорасан-Резави провинциясының полиция қызметінің басшысы Маджид Шока соңғы 10 күнде Ислам Республикасының әртүрлі бөліктеріндегі шекарашылар мен полицейлер анықтаған 17 926 ауғандық жер аударылғанын айтты.

Босқындар "Догарун" БӨП арқылы шығарылды.

Иран ІІМ басшысы Ахмед Вахиди бұған дейін елдегі босқындар саны 5 миллионнан асатынын, оларлың дені Ауғанстаннан келгендерін айтқан болатын. 

Вахиди осы уақытқа дейін ауған босқындарынан ешқандай қауіп-қатер туындамағанын мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу