Ираннан келген 62 тоннаға жуық қияр жарамсыз болып қалды

1253

Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды.

Ираннан келген 62 тоннаға жуық қияр жарамсыз болып қалды

ҚР АШМ Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдан "Батыс гүлді трипс" вирустық зиянкесін анықтады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

"Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес,  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр тәркіленіп, дереу жойылды",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу