Ираннан ұшқан дрон Әзербайжандағы әуежай маңына құлады

141

Екі адам зардап шекті.

Ираннан ұшқан дрон Әзербайжандағы әуежай маңына құлады Фото: видеодан алынған кадр

Иран аумағынан Әзербайжанның Нахчыван Автономиялық Республикасына дронмен шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Дрондардың бірі Нахчыван халықаралық әуежайының терминал ғимаратына құлаған, ал екіншісі Шекерабад ауылындағы мектеп ғимаратының маңына түскен. Шабуыл салдарынан әуе айлағының ғимаратына зақым келіп, екі бейбіт тұрғын жарақат алған. Олардың жағдайы тұрақты. Бұл туралы Нахчыван Автономиялық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі АЗЕРТАДЖ агенттігінің сауалына берген жауабында хабарлаған.

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Иранның азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдарын қатаң айыптап отыр. Ведомствоның дерегінше, бұл оқиға үшін толық жауапкершілік Тегеранға жүктеледі.

"Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жауап шараларын дайындап жатыр. Бұл шабуыл жауапсыз қалмайды", – делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу