Иран елінің батысында тағы да жанғыш зат толы автоцистерні жарылды.Бұл туралы ISNA басылымы хабарлады. Ресми дерек бойынша, тілсіз жауды ауыздықтауға 100 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Провинцияның өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары қаза тапқандар жоқ, жарақат алғандар бар дейді.
Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ескере кететін жайт, маусым айының соңынан бері Ирандағы әскери және кәсіпорындық нысандарда осындай оқиғалар көбейіп кетті.Өткен аптада Натанзадағы ядролық нысанды өрт шарпыған еді. 26 маусымда Парчиндегі әскери базада қызыл жалын жайлады. Кей сарапшылар бұл АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған арандату әрекеттері болуы мүмкін дегенді алға тартуда.
Табиғат Нұрболат
Фото: isna.ir