Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты

150

Тегеранда жасалған әуе соққысы нәтижесінде Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты Фото: Sobhan Farajvan / Keystone Press Agency / Global Look Press

Израильдің "12-арнасының" бас саяси сарапшысы Амит Сегаль Ахмадинежадтың өткен түні қаза тапқанын айтты. Сегальдың айтуынша, Иранның бұрынғы басшысы бірнеше апта бұрын мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін үйқамақта болған.

Ilna агенттігінің мәліметінше, ол Тегерандағы Нармак ауданына жасалған шабуыл салдарынан өз резиденциясында күзетшілерімен бірге қаза болған.

Махмуд Ахмадинежад Иран президенті қызметін 2005 жылдан 2013 жылға дейін атқарды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу