Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырған

1031

Сонымен қатар Иран парламентінің мүшесі Махмұд Садекидің де коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырған

Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ведомство өкілі Әли Реза Вахабзаде мәлім етті. 

"Індеттің таралуын тежеумен айналысып жүрген министрдің орынбасары Ирадж Харирчиге жасалған медициналық сараптама нәтижесі оның жаңа коронавирусты жұқтырғанын көрсетті", – деп жазды Вахабзаде өзінің Твиттердегі парақшасында. 

РИА Новости агенттігі корреспондентінің дерегіне сүйенсек, 25 ақпанда өткен баспасөз мәслихаты барысында Харирчи бірнеше мәрте жөтелген көрінеді.

Сонымен қатар Иран парламентінің мүшесі Махмұд Садекидің де коронавирус жұқтырғаны анықталған. 

Еске сала кетсек, Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдегі Ухань (Хубей провинциясы) қаласында белгісіз пневмонияның өрши бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар көп ұзамай аурудың қоздырғышы жаңа коронавирус екенін анықтады. Қаңтар айының соңында ғана ДДҰ індетті халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп танып, індетке Covid-19 деп атау берген болатын. 
Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының соңғы мәліметі бойынша, Қытайда вирус жұқтырғандардың саны 78190-ға жеткен. Оның 2718 қайтыс болды. Ал 29775 науқас емделіп ауруханадан шығарылған. Ал басқа шет елдерде 2800 кісі коронавирусты жұқтырса, оның 45-сі індеттен жан тапсырыпты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу