Иранның Ирактағы америкалық базаларға шабуылынан 11 әскери жарақат алған

962

Бұл мәліметті АҚШ-тың орталық қолбасшылығы растады. 

Иранның Ирактағы америкалық базаларға шабуылынан 11 әскери жарақат алған

Defense One басылымының дерегіне сүйенсек, 11 әскери қызметкер бастарынан жарақат алған. Олардың барлығы да қазір Германиядағы әскери госпитальде ем қабылдап жатыр. 
Сондай-ақ Сирия мен Ирак елдерінде операция жүргізіп жатқан АҚШ бастаған коалиция да ақпараттың рас екенін жоққа шығармады.

"Бұған дейін жарияланғандай, Иранның шабуылынан кейін ешбір америкалық әскери қаза таппады. Дегенмен бірнеше сарбаз жарылыс салдарынан бас жарақатын алып, қазір емделіп жатыр", – деді АҚШ-тың әскери өкілі Майкл Кеггинс.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда ресми Тегеранның бұйрығымен Ирактағы америкалық базаларға 15 шақты зымыран атылған болатын. 3 қаңтарда Құрама Штаттардың ирандық генерал Касем Сүлейманиді өлтіруі Тегеранды осындай қадамға итермеледі.  
Ал Ақ үй басшысы Дональд Трамп болса, шабуылдан ешкімнің де жарақат алмағанын мәлім еткен еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу