Иранның қыздары Қазақстан футболшыларын ойсырата ұтты

582

Иранның қыздары Қазақстан футболшыларын ойсырата ұтты

"Кубалық көктемнің" екінші турында Иранның қыздары Қазақстан футболшыларын ірі есеппен ойсырата ұтты, деп хабарлайды inform.kz.

Бұл Қазақстан аруларының осы додадағы екінші матчы еді. Бұл жолы ирандықтарға тап болған жерлестеріміз 7:0 есебімен ойсырай ұтылды. Ал алғашқы матчта да аруларымыз сәтсіз өнер көрсеткен еді.

Онда Словения аруларына 5:1 есебімен есе жіберген. Екі турдан соң Қазақстан арулары турнир кестесінде "А" тобының соңғы орнында келеді. Бүгін қыздарымыз үшінші матчын Краснодар командасына қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу